Қырғызстан трансконтиненталдық магистральдарды бойлай сауда дәліздерін құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан трансконтиненталдық магистральдарды бойлай сауда дәліздерін құруды ұсынады

Қырғызстан трансконтиненталдық магистральдарды бойлай сауда дәліздерін құруды ұсынады

Бішкек. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан трансконтиненталдық магистральдарды бойлай сауда дәліздерін құруды ұсынады. Бұл туралы Қырғызстан қаржы министрінің міндетін атқарушы Ақылбек Жапаров ҚХР Сиань қаласында өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумда мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Бұл ауқымды Еуразиялық аймақты дамытудың басты басымдықтары аясында саяси, экономикалық және әлеуметтік -мәдени ынтымақтастығын дамыту бағытында өңірдегі елдердің кейінгі жылдары қабылдаған саяси шешімдерін жүзеге асыруда айрықша өзектілікке ие», -деді А. Жапаров.

А. Жапаровтың айтуынша, бұл Еуропа мен Азияны жалғастыратын заманауи трансконтиненталдық магистральдар болуға тиіс. «Қырғызстан үшін ең маңызды бағыттардың бірі Ош — Сары-Таш — Иркештам бағытындағы тас жолды реконструкциялау болмақ, бұл тек Қырғызстан, ҚХР және Өзбекстан арасында ғана байланыс орнатуға септігін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге оңтүстікте Тәжікстанмен және Ауғанстанмен, ал солтүстікте Қазақстанмен байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді А. Жапаров.

«Өңір үшін тағы бір өзекті бағыт Бішкек — Нарын — Торугарт тас жолын жөндеу, ол Қазақстанмен, Қытаймен және одан әрі Каракорум жолы арқылы Пәкістеан мен Үндістан арқылы Үнді мұхиты айлақтарына шығуға мүмкіндік жасайды. Өңірдегі барлық елдердің түбегейлі мүддесіне сай келетін бірлескен күш жігердің арқасында ғана Еуразиялық трансконтиненталдық темір жол магистралін құруға болады, ол Тынық мұхиты айлақтарын Парсы шығанағымен, Еуропамен және Жерорта теңізімен байланыстыратын, Қырғызстан арқылы өтетін жол болмақ», — деді министр.

А. Жапаров барлық қатысушылар үшін ең минималды деңгейде қажетті және біріздендірілген кедендік және басқа да процедураларымен трансконтиненталдық магистральдарды бойлай осындай еркін сауда дәліздерін құру жөніндегі көпжақты негіздегі күрделі келіссөздерді қазірден бастауды ұсынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті