Қырғызстан тұрғыны өзінің 5 отандасын ҚР азаматына сатқан деген күдікпен құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан тұрғыны өзінің 5 отандасын ҚР азаматына сатқан деген күдікпен құрықталды

Қырғызстан тұрғыны өзінің 5 отандасын ҚР азаматына сатқан деген күдікпен құрықталды

Бішкек. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан тұрғыны өзінің бес отандасын ҚР азаматына сатқан деген күдікпен құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Ақпан 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, қылмысты Ош облысының ішкі істер басқармасының қызметкарлері анықтады. Олардың мәліметтері бойынша, Қырғызстан аймағының әйел тұрғыны өткен жылдың сәуір айында жұмысқа орналастырамын деп 48 жастағы Асанчек ауылының тұрғыны мен оның төрт танысын Астанаға апарған.

Әйел олардың әр қайсысына мың доллардан ақша беремін деп уәде берген. Отандастарын Қазақстан астанасына жеткізгеннен кейін алаяқ әйел оларды бір жергілікті кәсіпкерге сатқан.

Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті