Бұл туралы бүгін өткен Қырғызстан үкіметі жанындағы азық-түлік қауіпсіздігі Кеңесінің отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов мәлімдеді.
«Үкімет бидай сатып алуға 20 млн сом бөліп, 210 млн сомды ауыл шаруашылық техникаларды сатып алуға жұмсайды. Сондай-ақ , ауылшаруашылық өнім өндірушілерге тұқымды сатып алуға несие бөлу үшін «Айыл банкке»ААҚ 100 млн сом аударылады», — деп атап өтті премьер-министр.
И. Чудиновтың сөздері бойынша, кеше өткен азық-түлік қауіпсіздік кеңесінде баяндамалар тыңдалып, онда Қырғызстанда баға көтерілетіні жөнінде мәліметтер расталды.
«енді біздер басты міндеттеріміз-инфляцияны тежеп, әлеуметтік көмекке зәру болып отырғандарға қол ұшымызды беру», — деп атап өтті И. Чудинов.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрі Акылбек Жапаров, көктемде Қырғызстанда бағалар шарықтайды деп мілімдеген болатын.
Оның сөздері бойынша, елде азық-түлік бағаларын төмендету тұрмақ, оларды қазіргі деңгейде құстап қалу мүмкін болмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті