Қырғызстан үкіметі оңтүстікте болған зілзала зардаптарын жоюдың кешенді шараларын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан үкіметі оңтүстікте болған зілзала зардаптарын жоюдың кешенді шараларын бекітті

Қырғызстан үкіметі оңтүстікте болған зілзала зардаптарын жоюдың кешенді шараларын бекітті

Бішкек. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкіметі оңтүстікте болған зілзала зардаптарын жоюдың кешенді шараларын бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

  • 11 Қаңтар 2008
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Бұл құжат арқылы Ош қаласы мен Ош облысында болған зілзаланың зардаптарын жою шараларын ұйымдастыру үшін төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады», — баспасөз қызметі.

Сондай-ақ , 2008 жылы зілзаладан зардап шеккен қоғамдық маңызы бар ғимараттар мен тұрғын үйлердің жобаларын дайындау мен оның құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінетін болады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы аптаның аяғында жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға жеке және заңды тұлғалардан, кәсіпорындар мен өндіріс орындарынан қаржылық көмек ретінде ақша аударылатын арнайы есепшоттардың ашылу жұмыстары аяқталады. Ал 1 ақпаннан бастап құрылыс материалдарын, металл конструкцияларды сататын арнайы сауда бөлімшелері жұмыс істейтін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті