Қырғызстан үшін келесі жылы көршілес республикалардың ирригациялық мұқтаждығын қамтамасыз ету қиынға соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан үшін келесі жылы көршілес республикалардың ирригациялық мұқтаждығын қамтамасыз ету қиынға соғады

Қырғызстан үшін келесі жылы көршілес республикалардың ирригациялық мұқтаждығын қамтамасыз ету қиынға соғады

Бішкек. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үшін келесі жылы көршілес республикалардың ирригациялық мұқтаждығын қамтамасыз ету қиынға соғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Электр станциясы" ААҚ сілтеме жасай отырып.

  • 16 Қазан 2007
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Бұл проблема қуаңшылық кезеңнің туындауымен байланысты болып отыр, соның салдарынан Қырғызстан осы жылы республикада өндірілетін электр қуатын Қазақстан мен Өзбекстанға тасымалдауды мерзімінен бұрын тоқтатты»,- деп атап өтті бүгін баспасөз мәслихатында ААҚ өкілдері Душанбеде өткен ТМД Электроэнергиялық кеңестің 32 отырысының қорытындысын түсіндіре келе.

«Электр станциясы» ААҚ бас директоры Сапарбек Балкиебековтың айтуынша, Орталық Азияның су-энергетикалық балансын құру және проблемаларды пысықтау үшін аймақ елдірінің сарапшыларының қосымша кездесуі өтеді. Оған үстіміздегі жылдың аяғында түрікменнің энергожүйесінің шығыс бөлігі Орталық Азияның Біріккен жүйесіне қосуға байланысты Түрікменстанның мамандары да қатысады.

«Қырғызстанның өзі күздік-қыстық максимумдарды қамтамасыз ету үшін электр қуатын импорттауды жоспарлап отырған ТМД көптеген басқа да елдерінен айырмашылығы, аталмыш проблеманы өз күшімен шешеді» ,-деп атап өтті Сапарбек Балкибеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті