Қырғызстанда 1 сәуірдегі мәлімет бойынша ВИЧ-инфекциясының 1584 оқиғасы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда 1 сәуірдегі мәлімет бойынша ВИЧ-инфекциясының 1584 оқиғасы анықталды

Қырғызстанда 1 сәуірдегі мәлімет бойынша ВИЧ-инфекциясының 1584 оқиғасы анықталды

Бішкек. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 1 сәуіріндегі "СПИД" республикалық бірлестігінің мәліметіне сүйенсек, Қырғызстанда ВИЧ-инфекциясының, оның ішінде СПИДтің 1584 оқиғасы анықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "СПИД" республикалық бірлестігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 590
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандардың 75 пайызын инъекциялық есірткіні пайдаланушылар, 5 пайызы — ауру жұқтырған жүкті әйелдер. 20 пайызында жұқтыру көзі анықталмаған.

ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адамдардың көпшілігі 25 пен 29 жас аралығындағылар. ВИЧ-инфекциясын жастар арасында да (15-17 жас) жұқтыру оқиғалары тіркеліп отыр. ВИЧ-инфекциясының негізгі таралу көзі инъекциялық болып отыр.

Қырғызстанда, әсіресе, оңтүстік аймақта ВИЧ-инфекциясының айтарлықтай өскені байқалып отыр. Соңғы бес жылда ВИЧ/СПИД жұқтырған адамдар саны 15 есеге өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті