Жарияланды: 390

Қырғызстанда 2008 жылдың 8 айында ВИЧ індетін жұқтырған 347 адам тіркелді

Бішкек. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 2008 жылдың 8 айында ВИЧ індетін жұқтырған 347 адам тіркелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел БАҚ-тарына сілтеме жасап.

ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі кеңестің отырысында республикалық "СПИД" бірлестігі бас директорының орынбасары Айгуль Исмаилованың хабарлағанындай, "2001 жылға дейін республикада бір де оқиға тіркелмеген. Алайда, індет 2001 жылдан бері етек алды. Бірақ бұл елде эпидемия басталды дегенді білдірмейді, тек ВИЧ/СПИД-пен ауыратындарды анықтау көрсеткіші артып отыр", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін