Жарияланды: 430

Қырғызстанда 2008 жылдың ІІ жартысындағы инфляция үкімет болжаған 12-15 пайыздың орнына 25 пайызды құрауы ғажап емес

Бішкек. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 2008 жылдың ІІ жартысындағы инфляция үкімет болжаған 12-15 пайыздың орнына 25 пайызды құрауы ғажап емес, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан Республикасының 2008 жылдың І жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын бекіткен Қырғызстанның үкіметінің қаулысында осындай болжам жасалған. Жоғарғы инфляцияға себеп болғандардың бірі ретінде үкімет сарапшылары оның І жартыжылдықтағы қарқынын, әлемдік мұнай, қуат көздері мен астық бағаларының жоғарылауын, сондай-ақ, еңбек мигранттарынан трансферттердің келіп түсуін атады, деп атап көрсетті Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін