Қырғызстанда 60 мешіт пен медресе жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда 60 мешіт пен медресе жабылды

Қырғызстанда 60 мешіт пен медресе жабылды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Ош облысында 39 мешіт пен 21 медресенің жабылғанын мәлімдеді,

  • 11 Тамыз 2023
  • 74
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  «Адырна» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарма бұл шешімнің қабылдануына құрылыс нормаларын бұзылуы және бірыңғай білім беру стандарттарының жоқтығы себеп болғанын айтты.

«Елімізде діни нысандарға жаппай тексеру жүргізіліп жатыр. Комиссия құрамында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет, Ішкі істер министрлігі, Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктері және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Негізгі мақсат — діни экстремизм идеологиясы мен дәстүрлі емес ағымдардың таралуына қарсы тұру»,—делінген 24.kg  таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар