Жарияланды: 360

Қырғызстанда адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бішкек. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстанның Бас прокуратурасы мал дәрігерлік ережелерді бұзу салдарынан адамдарға күйдіргі жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Мұндай жағдай Баткен облысының Қадамжай ауданында тіркелген, онда алты адам қатерлі дертке шалдыққан. Баспасөз қызметі тергеу құпиясына сілтеме жасап осы іс бойынша тергеліп жатқан күдіктілер санын айтқан жоқ. Алайда, ондағылардың айтуынша, дерек расталса, күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылмақ. Қырғызстанның ТЖМ мәліметінше, күйдіргі дерті осы ауданның бұған дейін ауруханаға жатқызылған 14 тұрғынында да расталды. Олардың ең кішісі - 4 жаста, ең үлкені - 58 жаста. Ал Жалал-Абад облысының Аксый ауданында осындай диагнозбен тағы да 6 адам ауруханаға жатқызылған. 69 адам аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бақылауында. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін