«Қырғызстан тәуелсіздік алғанан бергі бұл біздің бірінші бастамамыз», — деп мәлімдеді З. Чокоев. «Тендерге қатысқан белгілі 18 мемлекеттің ақша белгісін шығаратындар арасынан біз қазақ монета сарайын таңдадық. Ұлттық банктің мамандары олардың шығарған монеталарының сапасын жоғары бағалады», — деді ол.
Ұлттық банк өкілінің айтуынша, айналымға енгізілетін ақша белгісі қырғызстан коллекция жанаушыларына таныс: коллекциялық 1 тиындық монета, айналмалы 10-50 тиын монеталары, 1 және 5 сом. «Құны 3 сомдық монета, 1 және 5 сомдықтартарға қарағанда, есеп айырысуға ыңғайлы «.
З. Чокоев атап өткеніндей, монеталарды айналымға енгізу үшін екі жыл уақыт кетті. Ұлттық банк валюталары арасында қағаз ақшамен салыстырғанда жаңа монетаның шығарылуы жеңіл және арзан. Сондай-ақ, пайдалану мерзімі де ұзақ.
Айналымдағы монеталы тиындардың құрыш жүрегі жезбен, сомдар никельмен қапталған. Тиындар қызғалдақ қырғыз өрнегімен таңбаланса, сомдарда үшбұрышты тұмар белгісі- теріден жасалған коокар сауытының суреті бастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті