Қырғызстанда аптап ыстық салдарынан жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда аптап ыстық салдарынан жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды

Қырғызстанда аптап ыстық салдарынан жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды

Қырғызстанда бейсенбіде аптап ыстық салдарынан жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды, бұл туралы өкімге елдің премьер-министрі Темір Сариев қол қойды, деп хабарлады РИА Новости.

  • 16 Шiлде 2015
  • 287
Фото - Caravan.kz

«ТЖМ болжамына сәйкес, бүгін ауа райы  +44С болады деп күтілуде. Қырғызстан Республикасы Еңбек, көші-қон және жастар министрлігі жұмыс күнін қысқартуға ұсыныс енгізді. Тиісті өкімге республиканың премьер-министрі Темір Сариев қол қойды», — деп хабарлады қырғыздық министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.

Сейсенбіде республикада температуралық рекорд орын алды.


Жұма күні ыстықтың аздап беті қайтуы мүмкін. Температура қайта 35-38 градусқа дейін түседі, таулы жерлерде жауын жаууы ықтимал.