Қырғызстанда Ақаевтың кітапханасына қатысты сот талқылауы кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Ақаевтың кітапханасына қатысты сот талқылауы кейінге қалдырылды

Қырғызстанда Ақаевтың кітапханасына қатысты сот талқылауы кейінге қалдырылды

Бішкек. 16-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда А. Ақаевтың кітапханасына қатысты сот талқылауы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Бішкектің ауданаралық сотына сілтеме жасай отырып.

  • 16 Қараша 2007
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Бішкектің ауданаралық соты өзінің кезекті отырысында Асқар Ақаевтың кітапханасы деп аталатын ғимаратқа қатысты мүлік дауын қарауды уақытша тоқтатты»,- деп хабарлады бүгін осы сот отырысында. Кезінде «Қырғызстан Республикасының алғашқы президентінің кітапханасы» қоғамдық қорына Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы шағым түсірген болатын.

Ақаевтар отбасының адвокаты Галина Скрипкинаның айтуынша, «сот талқылауы прокуратураның қарауында жатқан қылмыстық істің тағдыры туралы мәселенің шешімі шыққанға дейін шегерілген». «Қырғызстан Республикасының алғашқы президентінің кітапханасы» қоғамдық қоры аталмыш дауды қарауды тоқтату туралы ұсыныс енгізген болатын, себебі Бас прокуратура Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларының бұзылғандығына шағым түсірген болатын».

Бас прокуратурадағылардың хабарлауынша, бұл шағымда сыйға тартылған кітапхана ғимаратын сатып алу-сату туралы келісім-шартты заңсыз деп тану туралы, жер телімдерін кітапхананың иелігінде емес болғандықтан тәркілеу туралы мәселелер қойылған. Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы сондай-ақ соттың кітапханаға кезінде оны құрып, дамытуға қаржы бөлген 27 ұйымның пайдасына 7 млн сом төлетуді өтінген болатын.

Сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасының қылмыстық іс жүргізу және жедел-іздестіру қызметін қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Абдыганы Шерипбаевтің жуықтағы баспасөз мәслихатында хабарлаған мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанда оның бұрынғы президенті А. Ақаевқа қатысты бір де бір қылмыстық іс жоқ.

Ол сондай-ақ, Қырғызстан Республикасының қадағалау және құқық қорғау органдарында бұрынғы мемлекет басшысының қандай да бір қылмысқа қатысы бар екендігін немесе кінәлі екендігін дәлелдейтін деректер жоқ, деп атап өтті.

Сондай-ақ А. Шерипбаевтің айтуынша, Қырғызстан Республикасының экс-президентінің, оның туған туыстары мен жақындарының үстінен қозғалған 106 қылмыстық істің ішінде А. Ақаевтан куәгер ретінде жауап алатын іс жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті