Қырғызстанда "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" заң күшіне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" заң күшіне енді

Қырғызстанда "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" заң күшіне енді

Бішкек. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" заң күшіне енді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Тамыз 2008
  • 608
Фото - Caravan.kz

Бұл заң 19 маусымда Жогорку кенештің сессиясында мақұлданып, оған Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев 4 тамызда қол қойған. Енді міне, ресми «Эркін Тоо» газетінде жарияланып отыр. Осыдан бастап күшіне енді деп есептеледі.

Заңды жасау ісіне белсенді түрде ат салысқан аталмыш министрліктің хабарлауынша, бұл заң Қырғызстан Республикасында осындай қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел және шұғыл шараларды қабылдау үшін қажетті құқықтық іргетасты қамтамасыз етеді. Заңның негізгі мақсаты — азық-түліктің болуына, қол жетімділігіне және қауіпсіздігіне негізделетін ең төменгі тұтыну нормасына сәйкес тамақ өнімдерінің қажетті мөлшерін халық үшін қол жетімді ету талаптарын құру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті