«Қырғызстанда алмастыру терапиясы принципі бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді, синтетикалық жеңіл есірткі — метадонды тарату бөлімдері Бішкек, Ош, Токмак, Кара-Балта және Кант қалаларында ашылған, -деді бүгін Қырғызстан ІІМ органдарын реформалау орталығының жетекшісі Александр Зеличенко.
Оның айтуынша, бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеп, метадон бағдарламасы клиенттерінің 80% өздерінің заң бұзуға және милициямен қарым-қатынаста проблемалары жоқ екенін хабарлаған. Оның үстіне метадоннан тәуелділік проблемасы туындамайды.
Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстандағы абақтыларда қазір республикада тіркелген ВИЧ індетін жұқтырғандардың басым бөлігі, ал СПИД жұқтырғандардың 70% есірткіні инемен тұтынатындар.
Сынақ табысты болған жағдайда, әділет министрлігінің пайымдауынша, алмастыру терапиясы біртіндеп барлық жазалау мекемелерінде енгізіледі. Республикада 36 түзету мекемесі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті