Қырғызстанда экс премьер-министрге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда экс премьер-министрге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Қырғызстанда экс премьер-министрге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Бішкек. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда экс премьер-министр Николай Танаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасы үкіметінің жанындағы қаржы полициясына сілтеме жасап.

  • 6 Ақпан 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясы мұндай істі қайта қозғаудың себебін түсіндіруден бас тартты. Бірақ олар айтқанындай, Асқар Ақаевтың тұсында үкімет басқарған экс -премьер министрге Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша айып тағылып отыр: қызметін асыра пайдалану, құзырын асыра пайдалану, Қырғызстан Республикасының мүддесіне қарсы келетін мемлекеттік сатып алу жөнінде келісім -шартына қол қою. Ол сондай-ақ, Бас прокуратура 2005 жылдың наурыз оқиғасынан кейін қозғаған 6 қылмыстық іс бойынша айыпталғанымен бір іс те сотқа жеберілмеді.

Қырғызстан Республикасыны үкіметінің аппараты хабарлағанындай, кезінде Н. Танаев елден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берген. Бірақ ол кейбір депуттардың көмегімен Мәскеуге дәрігермен кеңесіп қайтуға рұқсат алып, елден ұшып кеткен. Ол Бішкекке оралмады, бірақ ол Құрманбек Бакиевтың атына ашық хат жолдады. Онда ол: «менің елде болмаған кезімді пайдаланып маған және от басыма қарсы науқан басталып, маған республикалық мәдениет-іскерлік орталығын салу, облыс және қалалық әкімшілік басшыларына көліктерді сатып алу, «Алтын балалық» атты балаларды сауықтыру орталығының құрылысына премьер-министрдің қорынан қаржы аударылғаны, Германиядан электромагниттік резонанстық томографияны жеткізгені заңсыз деген желеумен қылмыстық істер қозғалды», деп жазған.

Қазіргі кезде Николай Танаев «Газпромнефтьинвест» компаниясының директоры қызметін атқарып, Санкт-Петерборда тұрып жатыр. Осында оның басшылығымен үш жүз метрлік «Газпром-сити» ғимараты тұрғызылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті