Жарияланды: 370

Қырғызстанда электр қуатын беруге шектеулер қойылуда

Бішкек. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Северэлектро" ААҚ 21 тамыздан бастап Қырғызстанның Чу және Талас облыстары мен Бішкекте электр қуатын беруге шектеулер қоюда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Северэлектро" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтынушылар жылжымалы кесте бойынша тәулігіне сегіз сағаттан кем емес уақытқа электр қуатын ала алмайды. Шектерулер аясына бірінші санаттағы нысандар - Қорғаныс және Денсаулық сақтау министрліктері, жазаны атқару жөніндегі мемлекеттік басқармасы, дауажай аймақтары, теміржолшылар мен әуетасымалдаушылары қамтылмайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін