Қырғызстанда электр қуатын көршілес мемлекеттерден сатып алуды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда электр қуатын көршілес мемлекеттерден сатып алуды жоспарлауда

Қырғызстанда электр қуатын көршілес мемлекеттерден сатып алуды жоспарлауда

Бішкек. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда электр қуатын көршілес мемлекеттерден сатып алуды жоспарлауда. Мұндай ұсыныс республика үкіметінің алдағы жылыту маусымына дайындық жайына арналған отырысында жария етілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел үкіметінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Шiлде 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

Энергетиктердің мәліметінше, Тәжікстан мен Қазақстан да электр қуатынан тапшылық көруде, ал Ресейден сатып алу транзиттің қымбаттығына байланысты тиімсіз. Үкіметтегілер Өзбекстанмен келіссөздер жүргізген жөн деп санайды. Алайда, Өзбекстан электр қуатын Қырғызстанға экспорттаудан бас тартуда. Үкіметтегілер Өзбекстан жылыту маусымы кезінде Қырғызстанға электр қуатын экспорттап, жылы маусымда оны кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар деп үміттенеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті