Қырғызстанда электр қуатын тұтыну көлемі тағы да отыз пайызға қысқартылады
Бішкек. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда электр қуатын тұтыну көлемі тағы да отыз пайызға қысқартылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігіне сілтеме жасап. |
Бұл туралы бүгін Бішкектегі БҰҰ үйінде Қырғызстандағы донорлық агенттіктердің өкілдерінің республика үкіметі өкілдерімен кездесуінде айтылды.
Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Сапарбек Балкибековтың хабарлауынша, Тоқтағұл су қоймасындағы көлемі қазір 9 млрд 400 млн текше метрді құрайды, бұл былтырғыдан 4,5 млрд текше метрге кем.
Ол Қырғызстанда электр қуатын тұтыну көлемі тағы да 33% пайызға қысқартылады деді. Бұл Тоқтағұл су қоймасындағы көлемі 2009 жылдың 1 сәуірінде тиісті 6 млрд текше мертді құрауы үшін қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін