Қырғызстанда электр қуатының тарифтері көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда электр қуатының тарифтері көтеріледі

Қырғызстанда электр қуатының тарифтері көтеріледі

Бішкек. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда электр қуатының тарифтері тағы да көтеріледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары Ақылбек Төменбаев құлағдар етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы сәуір айында электр қуатының тарифтері 30% дейін көтеріледі»,- деп хабарлады А. Төменбаев.

А.Төменбаев атап өткеніндей, елде газ, көмір, қара май құнының қымбаттауы электр қуаты бағасының көтерілуіне соқтырды.

Биылғы жылы Өзбекстаннан жіберіліп отырған бір мың текше метр газ құны $145 құраса, былтыр оның бағасы $100 болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті