Қырғызстанда электр қуатының тұтыну көлемі 8 қаңтарда ең жоғарғы көрсеткішке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда электр қуатының тұтыну көлемі 8 қаңтарда ең жоғарғы көрсеткішке жетті

Қырғызстанда электр қуатының тұтыну көлемі 8 қаңтарда ең жоғарғы көрсеткішке жетті

Бішкек. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 8 қаңтарда тұтынған электр қуатының көлемі ең жоғарғы көрсеткішке жетті, деп хабарлайды агенттік "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Кеше, 8 қаңтарда, пайдаланылған электр қуатының тәулік көрсеткіші 63,232 млн кВт/с жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% жоғары (58,68 млн кВт/с) «, — деді баспасөз қызметінде.

Қырғызстан бойынша, қаңтарда бәр тәулікте пайданылған электр қуаты жоспарланған көрсеткіштерден 5-6 млн кВт/с артық. Бүгінде Нарын каскадының ГЭС барлық генераторларына және республикадағы жылу электр станцияларының 6 генераторына салмақ түсіп, жұмыс істеуде. Онда шығарылған электр қуаты ішкі нарыққа жеткізілуде.

«Электр станциялары» ААҚ мәліметтері бойынша, ең үлкен салмақ таңертең және кешкі уақытқа келіп, тұтыну көрсеткіші 200-300 МВт дейін жетеді. Ал кеше 8 қаңтарда бар қуаттың 90 пайызы пайдалынылып (3500) 2829 МВт дейін көтерілді.

Энергетиктердің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін, болашақта қуаты жоғары жаңа стансаларын салу керек. Ал әзірге, оны үнемді, әрі тиімді пайдалану жөн.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті