«Бүгінде құқық қорғау органдары есірткіні сатқандармен қатаң жұмыс істейтін болады, ал кейбір санаттағы нашақорлықтан зардап шегіп жүргендер денсаулық сақтау органдарының құзырына беріледі»,- деді Мырзабек Исмаилов.
Бұл, оның айтуынша, Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексіне енгізілген өзгерістермен қарастырылған. «Атап айтқанда, енді егер адамнан бір граммға дейін героин немесе үш граммға дейін апиын табылатын болса, ол қандай да бір қуадаланудан босатылады»,- деп атап өтті Мырзабек Исмаилов.
Есірткі тарататын адамдарға жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту қарастырылады. «Әйтпегенде Қырғызстандағы есірткі бизнесімен күресу күннен күнге қиынға түседі»,- деп санайды Мырзабек Исмаилов.
«Бүгіннің өзінде, Ауғанстандағы есірткі өндірудің өсуіне орай «солтүстік жолдар» — Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан арқылы өтетін есірткінің транзиттік ағымы өсіп отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, осы бағытта барлығы дүниежүзіндегі апиын көлемінің төрттен бірі немесе героин баламасында 80 тонна өтеді», деп хабарлады есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы.
Мырзабек Исмаиловтың айтуынша, Қырғызстанда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 4,8 тонна әртүрлі есірткі тіркіленген, оның ішінде 186 кг апиын және 158 кг героин, ал 2006 жылғы көрсеткіш 2,7 тоннаны құрайды, өткен жылғы көрсеткіштен апиын 2 кг және героин 27 кг артық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті