«Есірткі сатушы басқарған көлікті тексеру барысында есірткіні бақылау агенттігіның қызметтік иті героин салынған 29 орама тапқан»,- деп хабарлады Қырғызстан Респуликасының есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз хатшысы Айсұлу Садыкова.
«Тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 280 мың бір реттік дозаға тең. Қырғызстанның «қара» базарындағы есірткінің ең ірі көлімдерінің бірі болып табылатын мұның бөлшектеп сату бағасы 800 мың АҚШ долларын құрайды. Есірткі сатушы героинді Тәжікстаннан Ресейге тасымалдамақ болған. Енді оны мүлкін тәркілеумен 10- 15-жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр»,- деп атап өтті А. Садыкова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті