Жарияланды: 430

Қырғызстанда есірткінің Ресейге тасымалданатын арналарының бірі жойылды

Бішкек. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының Есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері 18 тамызда есірткінің Ресей Федерациясына тасымалданатын бір арнаның көзін жойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі аталмыш агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, тоқыма өнеркәсібінің өнімдерін таяу шетелдерге шығарумен айналысатын Қырғызстан фирмаларының біріне тиесілі жүкті тексеру барысында 20 орама анықталып, тәркіленген. Олардың ішінде есірткі заты болған. "Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 кг 518 грамм. Тасымалдаушы фирма ұсынған құжатқа сәйкес, қауіпті жүктің Ресейдегі қабылдап алушысы да, жіберуші секілді Қырғызстан азаматы болып шыққан. Қазіргі уақытта жүкті жолдаушы қамауға алынған. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, есірткі затын қабылдап алушыны анықтау және тұтқындау бойынша шаралар қабылдануда", - деп хабарлады агенттік. Бұл есірткінің Ресейдің есірткі нарығындағы бағасы 1 килосына 5 мың АҚШ долларын құрайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть