Жарияланды: 380

Қырғызстанда масақты дақылдар 60% орылды

Бішкек. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда масақты дақылдар 60% орылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның ауылшаруашылығы, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлығы 528,7 мың гектардан, соның ішінде 392,5 мың гектардан бидай және 136,2 мың гектардан арпа жиналуға тиіс . Бүгінгі күні жиналған жалпы түсім 729 мың тоннаны, соның ішінде бір гектардан 24,6 центнер бидайдан 569,3 мың тоннасы жиналды. Биыл, болжам бойынша, 800 мың тонна бидай жинау көзделуде. 300 мың тонадай тапшы бидайды Қазақстаннан алу жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін