«Қаржы министрінің міндетін атқарушы Ақылбек Жапаровтың Құрманбек Бакиевпен кездесуі барысында қаржы министрі президентке өзгерту екі рет енгізілгендігін, яғни шілде айында 1 млрд сом, қыркүйекте 700 млн сом көлеміндегі қосымша қаржы кіргізілгендігін жеткізді. Ал жыл соңына дейін тағы да қосымша ақша — 2 млрд сом келіп түсетіндігі жөнінде мәлім етті», — деп хабарлады Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Ақылбек Жапаров президентті 2008 жылдың бюджет көрсеткіші 43 млрд сом құрайтындығы жөнінде хабардар етті. Ол бюджетте алғаш рет Қамбарата — 2 су электр станциясының құрылысына арналған қаражатты қоса есептегенде 3 млрд сом көлеміндегі қаражат қарастырылған. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2005 жылы ол бар болғаны 220 млн сомды құраған.
Сонымен қатар, президент және қаржы министрі 2008 жылғы бюджет көрсеткіштерін мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысының өсуін ескере отырып қарастырған. 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап осы санаттағы қызметкерлердің айлық жалақысы 30 пайызға дейін көтерілмек. Осы мақсатқа қосымша 3 млрд сом қарастырылып жатыр.
Сонымен бірге, мемлекеттік және муниципалдық қызметтердің қызметкерлерінің жалақысын өсіру де жоспарланып отыр. Ол «айлық көбейген сайын үстемақы азаяды» деген қағида бойынша беріледі. Нәтижесінде, айыл окмоту басшысының жалақысының көлемі 2 есе, айыл окмоту мамандарының жалақысы 80 пайызға ұлғаяды. Аудан және облыстық әкімшіліктердің, министрліктер мен мекемелердің мамандары айтарлықтай үстемақы алады. Мемлекет басшысының тиісті Жарлықтары қазір дайын, деп хабарлады Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі.
Қазір Қырғызстанда 1 АҚШ доллары 34,6 сомға тең.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті