Қырғызстанда милиция подполковнигі есірткінің ірі партиясымен қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда милиция подполковнигі есірткінің ірі партиясымен қолға түсті

Қырғызстанда милиция подполковнигі есірткінің ірі партиясымен қолға түсті

Бішкек. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде автокөлігінен 100 килограммнан астам опий тәркіленген милиция подполковнигі қолға түсті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Қыркүйек 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Ош облысының ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа жетпегендердің бейімделуі және реблитациялау орталығының басшысы милиция подполковнигі Талай Сабыров Ош облысының Озгур ауылында 26 қыркүйек күні кешке тұтқындалды», — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Тізгінінде Талай Сабыров отырған «ДЭУ-Нексия» автокөлігін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатардағы құжат тексерісі сылтауымен тоқтатқан. Көлік құралын тексеру кезінде жалпы салмағы 109 келі тартатын целлофан дорбаларға бөлініп салынған опий анықталды.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының тергеу бөлімі есірткі өнімдерін сату мақсатында заңсыз тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Талай Сабыров Ош қаласының ішкі істер басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ош облысының ішкі істер басқармасының ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті