Жарияланды: 530

Қырғызстанда Монополияға қарсы саясат және бәсекелестікті дамыту мемлекеттік агенттігінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бішкек. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының үкіметінің жанындағы Монополияға қарсы саясат және бәсекелестікті дамыту мемлекеттік агенттігінің статс-хатшысына (төрағаның бірінші орынбасары) қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғыз елінің Қаржы полициясы қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржы полициясының хабарлауынша, қылмыстық іс лауазымын пайдалана отырып оған сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және шығын келтіру оқиғасы бойынша Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 171-бабының 3- тармағының 2 - тармақшасында қарастырылған (Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе шығындау) қылмыс белгілері бойынша Зәкір Шәріповке қатысты қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін