Қырғызстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2008 жылдың қаңтар- шілде айларында 8,4%-ға азайды
Бішкек. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2008 жылдың қаңтар- шілде айларында 8,4%-ға азайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Ұлттық статистикалық комитетіне сілтеме жасап. |
2008 жылдың бірінші жартысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі10 млрд 656,1 млн сом болды. 2007 жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 2,2%-ға өскен.
Ал Қырғызстанның Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметінше, инфляция осы мерзімде 15,1% құраған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін