Жарияланды: 400

Қырғызстанда ойын бизнесін бақылау күшейтілді

Бішкек. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда ойын бизнесіне бақылау жасау күшейтілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны бүгін Қырғызстан Республикасының президенті қол қойған "Ойын бизнесі туралы" заң қарастырады. "Жаңа құжат республика аумағындағы ойын мекемелерінің қызметінің құқықтық негіздерін, осы саладағы мемлекеттік реттеуді, оларды құру және қамтамасыз ету тәртібі, құмар ойындарды ұйымдастыру және лицензия беруді ұйымдастыру, сондай-ақ, ойын бизнесі субъектілерінің жауапкершілігін анықтайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін