Қырғызстанда Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін дайындады

Қырғызстанда Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін дайындады

Бішкек. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы үстіміздегі жылдың 16-желтоқсанына межеленген парламент сайлауына арналған сайлау бюллетеньдерінің мәтінін дайындады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Қараша 2007
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан Республикасының сайлау туралы Кодексінің 39-бабына сәйкес бюллетеньде саяси партияның атаулары, сонымен қатар кандидаттар тізіміндегі алғашқы бес үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, лауазымы көрсетіледі»,- деп хабарлады бүгін баспасөз қызметіндегілер.

Бюллетеньде саяси партиялардың атаулары Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының жеребе тастау арқылы белгіленген ретпен орналастырылады. Тізімнің соңында «Барлық үміткерлердің тізіміне қарсы» деген сөйлем тұрады.

Қырғызстан Республикасының заңына сәйкес сайлау бюллетеньдері қырғыз және орыс тілдерінде, дауыс беруден кемінде 10 күнтізбелік күн бұрын басып шығарылады.

Бұрын хабарлағанымыздай, мерзімінен бұрын өткізілетін парламент сайлауына Қырғызстанда тіркелген 100-ден астам саяси партияның 12-сі қатыса алады. Республикада осыған дейін парламент сайлауы 2005 жылдың ақпан — наурыз айларында өткен болатын. Олардың ресми нәтижелері бүкіл елдің наразылығын тудырып, Қырғызстанның басшысын ауыстыруға әкеп соқтырған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті