Қырғызстанда парламент вице-спикері Сарпашевтің немере інісін өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс ашылды - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда парламент вице-спикері Сарпашевтің немере інісін өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс ашылды - ІІМ

Қырғызстанда парламент вице-спикері Сарпашевтің немере інісін өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс ашылды - ІІМ

Бішкек. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Жогоргу кенеш (парламент) вице-спикері Тайырбек Сарпашевтің немере інісін өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Қазан 2007
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Соңғы рет вице-спикер Тайырбек Сарпашевтің 31 жастағы немере інісі Бақтыбекті осыдан бірнеше күн бұрын Бішкектің орталығындағы валюта айырбастау нүктелерінің бірінде көргендер бар. Ол жоғала салысымен туған-туысқандары құқық қорғау органдарына шағымданған. Жоғалғанды іздестіру үшін арнайы шұғыл іс-шара қабылданған болатын. Операция барысында республиканың оңтүстік аймағының 47 жасар тұрғынын ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қолға түсірудің сәті түсті», — деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен.

Бақтыбекті қамаудағы азамат оған көлік ақысын төлеуге мүмкіншілігі болмауы себепті өлтіргендігін мойындады. Қарыз көлемі 6000 АҚШ долларын құраған. Денені Бішкектің маңындағы ауылдардың бірінде қамыс арасына тыққан екен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті