Жарияланды: 300

Қырғызстанда қаза тапқан ресейлік альпинистердің есімдері белгілі болды

Қырғызстанда қаза тапқан ресейлік альпинистердің есімдері белгілі болды

РФ Қырғызстандағы бас консулы Алексей Овсянников lifenews-ге 29 шілдеде Ленин шыңына шығу кезінде қаза тапқан ресейлік альпинистердің есімдерін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қайғылы жағдай 29 шілдеде Одесса шыңынан төмен түсу (биіктігі 4810 метр) кезінде орын алған.

«Топпен 29-ы сағат 23:00-де байланыс үзілді. Олардың мүрдесі 31 шілдеде тау етегінен табылып, 2 тамызда ҚР ТЖМ күшімен Ош қаласына жеткізілді. РФ азаматтары қар аралас жаңбыр жауып тұрған шақта топпен арқан арқылы түсіп келе жатқанда, ол үзіліп кеткен. Бас консулдық альпинистердің  мүрделерін еліне жеткізу мәселесімен айналысуда, - деген Овсянниковтың сөзін келтіреді lifenews.

Консулдық деректері бойынша, 1984 жылы туылған С. Шпиз, 1985 жылы туылған И. Поселяничев, 1985 жылы туылған П. Морковский көз жұмған.

Еске салсақ, қаза тапқандардың ішінде тағы бір польшалық альпинист бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін