Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды

Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды

Бішкек. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды, деп хабарлайды агенттік Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Ош облысының Алай ауданы «Бор-Добо» бекетінде Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің оңтүстік басқармасының қызметкерлері Қырғызстан тарихында алғаш рет аса ірі көлемдегі есірткі — 43 килограмм героин тауып тәркіледі», — деп хабарлады агенттіктің баспасөз хытшысы Айсулу Садыкова.

«Есірткі ұйымдасқан қылмыстық топтың 53 жастағы мүшесінен тәркіленді, топ есірткіні Тәжікстаннан алып, Қазақстан мен Ресейге жөнелтіп отырған», — деді А.Садыкова.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанға мүлкін тәркілету мен 12-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Агенттік ақпаратына сәйкес, қара базарда осынша героин $1 млн 228 мың тұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті