Жарияланды: 410

Қырғызстанда Қазақстан және Қырғызстан автоинспекторларының бірлескен жаттығулары аяқталды

Бішкек. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қазақстан және Қырғызстан автоинспекторларының бірлескен жаттығулары аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның жолдағы қауіпсіздік бас басқармасының аға инспекторы Бейшен Молдокановқа сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, жаттығу мақсаты жазғы маусым кезінде Ыстықкөл облысының аумағына кіретін туристер мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, шетел жүргізушілерін Қырғызстан жолдарындағы заң бұзушылықтың жаңа Әкімшілік жауапкершілік кодексімен таныстыру болды. Б. Молдокановтың айтуынша, қазіргі уақытта бірлескен жаттығулардың нәтижелері шығарылуда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін