Қырғызстанда қуаты 4 балл жер сілкінісі болды
Бішкек. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 21 тамызға қараған түні Қырғызстанда қуаты 4 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. |
Қырғызстанның ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі сағат 01.12-де тіркелген. Сілкініс ошағы Теріскей АлаТоо баурайында Ыстықкөл облысының қала үлгісіндегі Қажысай кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде болған. Осы ауыл мен өңірдегі басқа да ауылдарда 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін