Қырғызстанда сайлау алдында милиция күшейтілген режимге ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда   сайлау алдында милиция күшейтілген режимге ауысты

Қырғызстанда сайлау алдында милиция күшейтілген режимге ауысты

Бішкек. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сайлауы қарсаңында Қырғызтанның құқық қорғау органдары күшейтілген режим бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Ішкі істер министрінің қызметін уақытша атқарып отырған министрдің бұйрығы бойынша, бұл күшейтілген режим 1 желтоқсаннан бастап енгізіліп, кейін казармалық тәртіпке ауыстырылады. Осы мерзім аралығында құқық қорғау органдары шұғыл профилактикалық шараларды қолға алып, елде заң бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандырғысы келетін экстремистік ойлары барларға тосқауыл қою мақсатында жасалып отыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тергеу — шұғыл топтары күшейтіліп, қажетті қор құрылуда. Құқық қорғау органдарының жеке құрамы шетелден заңсыз түрде әкелініп жатқан қосымша үгіт -насихат материалдары мен оларға қаржылық көмек көрсетіп жатқандарды іздеуге дайындалуда.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары сайлаушылардың дауысын сатып алу деректерін анықтап, тиісті шараларды қолданатын болады. Сепаратистік, экстремистік және лаңкестік ұйымдарға қатысы барлар мен заңсыз елге келгендер шетелдік азаматтар ұсталып, Қырғызстаннан аластатылады. Ал шекаралық аймақтарға ерекше мән беріліп бақыланады.

Сайлау науқаны қарсаңында мемлекеттік және маңызды нысандардың, елшіліктердің күзет қызметі күшейтіліп, сайлау өткізілетін орындарының схемасы жасалып, сайлау бюллетендері жеткізілетін және орын ауыстырылатын жолдары айқындалды.

Қырғызстанда мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауын 2007 жылдың 16 желтоқсанына белгіленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті