Қырғызстанда сайлауға қатысуға 22 партия құжаттарын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда сайлауға қатысуға 22 партия құжаттарын ұсынды

Қырғызстанда сайлауға қатысуға 22 партия құжаттарын ұсынды

Бішкек. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өткізілетін парламент сайлауына қатысуға 22 партияның құжаттарын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2007
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Осы жылдың 18 қарашасында сағат 18-де саяси партиялардан құжаттар қабылдау аяқталды : Жогорку кенеш депутаттарын сайлауға қатысуға ниет білдірген 50 саяси партиядан Орталық сайлау комиссиясына 22 саяси партия өз құжаттарын ұсынды», — деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

ОСК ақпаратына сәйкес, құжаттарын тапсырғандардың арасында президентті жақтаушы » «Ақ Жол» халықтық партиясы», Қырғызстанның экс-премьері Феликс Кулов басқаратын оппозициялық «Ар-Намыс» партиясы бар.

Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялар ұсынған құжаттардың Сайлау жөніндегі кодекске сәйкестігін күнтізбелік 10 күн ішінде тексеруге тиіс. Үміткерлердің тізімін тіркеу 25 қарашада аяқталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын өткізілетін парламент сайлауы 16 желтоқсанға белгіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті