Жарияланды: 390

Қырғызстанда суармалы суға жаңа тариф белгіленді

Бішкек. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда суармалы суға жаңа тариф белгіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , бұл ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін қолдау үшін мемлекеттік су шаруашылығы жүйелерінен суармалық суды беру қызметінің төлемін уақытша белгілеу жөніндегі жаңа үкімет қаулысымен айқындалған. "Жай аудандарда тұратын су тұтынушылар үшін тарифтер жыл бойы тұрақты болады: 1 текше метр су үшін 3 тыйын. Табиғи күн райы ахуалы ауыр және қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындар үшін 1 сәуір мен 31 шілде аралығында тариф - 1 тыйын, 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында - 0,2 тыйын", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жаңа тарифтер 2008 жылдың 1 тамызыанн бастап күшіне енеді. $1 = 34, 81 сом. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін