Қырғызстанда сыртқы сауда айналымының деңгейі елдің Жалпы ішкі өнімінің деңгейінен жоғары - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда сыртқы сауда айналымының деңгейі елдің Жалпы ішкі өнімінің деңгейінен жоғары

Қырғызстанда сыртқы сауда айналымының деңгейі елдің Жалпы ішкі өнімінің деңгейінен жоғары

Бішкек. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда сыртқы сауда айналымының деңгейі елдің Жалпы ішкі өнімінің деңгейінен жоғары, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Эеономикалық даму және сауда министрлігіне сілтеме жасап.

  • 15 Ақпан 2008
  • 557
Фото - Caravan.kz

Министрдің орынбасары Санжар Муканбетовтың айтуынша, бұл біршама либерал сауда режиміне байланысты қалыптасқан ахуал. Республиканың тауар айналымының шамамен 60% өңірлік бірлестік, атап айтсақ, ТМД және ЕурАзЭҚ елдерімен сауда-саттыққа тиесілі. Кейінгі 5 жылда Қырғызстанның сауда айналымы 2,7 еседен артық өскен, импорттың да, экспорттың да көлемі ұлғайып, сауда-саттықтың географиясы кеңейген, өткен жылы сауда әріптестерінің саны 118 елді құрады.

Әлемдік банктің зерттеулеріне сәйкес, Қырғызстан бизнесті жүргізу бойынша 94 орында, ал сыртқы сауданы жүргізу бойынша 177 елден 176-шы орында. Сол себепті қазір бұл елде президенттің сыртқы сауда саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту және экспорттық-импорттық процедураларды жетілдіру шаралары жөніндегі жуырдағы жарлығын жүзеге асыруға назар шоғырландырылуда. Оны іске асыру үшін сауда және транспорт саласына қолдау көрсету жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті