Қырғызстанда танымал саясаттанушыға шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда танымал саясаттанушыға шабуыл жасалды

Қырғызстанда танымал саясаттанушыға шабуыл жасалды

Бішкек. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан астанасы Бішкекте танымал саясаттанушы әрі журналист Александр Князевке шабуыл жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстандағы ресейлік отандастарды үйлестіру кеңесіне сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Шабуыл жасау оқиғасы 16 қараша күні кешке А.Князевтің үйінің жанында болған. Екі жас жігіт оны ұшырып түсіріп, бірнеше соққы беріп, құнды заттардан ештеңе алмастан іздерін жасырған», — деп хабарлайды кеңестегілер.

Қырғызстандағы ресейлік отандастарды үйлестіру кеңесі бүгін осыған байланысты мәлімдеме жасап, болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдірді.

«Шабуылдың жай-жапсары бұл қылмыстың тапсырыспен жасалғандығын меңзейді, Александр Князевтің Қырғызстандағы саяси ахуалға қатысты, республикадағы ресейлік отандастар қозғалысына қатысты бірбеткей ұстанымы мен осы құбылыстарда жекелеген қоғам қайраткерлерінің атқарып отырған ролі мен орнына қатысты бағасы шабуылға себеп болуы ықтимал», — делінген мәлімдемеде.

Осыған байланысты Қырғызстандағы ресейлік отандастарды үйлестіру кеңесі ел басшылығына болған оқиғаның себеп-салдарын анықтауды сұрайды.

А. Князев танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы, журналист, Қырғыз-Ресей славян университетінің профессоры, Қырғызстандағы ресейлік отандастарды үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті