Қырғызстанда тұтқынды жәбірлеген он бес шақты милиция қызметкері жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда тұтқынды жәбірлеген он бес шақты милиция қызметкері жазаланды

Қырғызстанда тұтқынды жәбірлеген он бес шақты милиция қызметкері жазаланды

Бішкек. 28-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда тұтқынды жәбірлегені үшін милицияның он бес шақты қызметкері жазаланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Рсепубликасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Қараша 2007
  • 348
Фото - Caravan.kz

«Кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Жанболат Амантаевпен осылайша қатынасқан. Ол үстіміздегі жылдың шілде айында бопсалаушылыққа байланысты тұтқындалып, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша қамау изоляторына қамалған болатын», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Күзетшіден сытылып шыққан Жанболат Амантаевты төрт күннен кейін қайта ұстаған еді. Қалалық ішкі істер басқармасының ішкі қауіпсіздік қызметі анықтағандай, «камераға қамар алдында уақытша қамау изоляторының қызметкерлері қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, спортшыға және оның денесіне ауыр жарақаттар түсірген.

Қызметтік тексеру нәтижесін қарастырғаннан кейін қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, генерал-майор Молдомус Конгантиев тәртіптік жазалау туралы бұйрыққа қол қойды. Кінәлілердің бірі лауазымынан босатылды. Төртеуі «құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттеріне қойылар талаптарға сай келмейтін іс-әрекеттер жасауы себепті» жұмыстарынан босатылды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, сондай-ақ, «қырағылығын жоғалтуы, көрсетілген надандық және түнгі уақыт мерзімінде уақытша қамау изоляторының кезекші жасағының қызметіне деген бақылаудың жоқтығына байланысты тәртіптік ретте Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының және Октябрь аудандық ішкі істер органының тағы 11 қызметкері жазаланған».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті