«Бүгін президент өз жарлығымен премьер-министр қызметіне Игорь Чудиновты тағайындады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Игорь Чудиновтың айтуынша, кеше «Ақ Жол» халықтық партиясының саяси кеңесі оның кандидатурасын енгізіп, оны парламенттік фракция мақұлдаған.
Игорь Чудинов 1983 -1988 жылдары Фрунзе Электронды есептеу машиналары зауытының инженері, аға инженері, комсомол комитетінің хатшысы, 1988 — 1990 -жылдары Бішкектің Октябрь аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1990 — 1991 — жылдары Қырғыз ЖОЛК ОК екінші хатшысы, ал 2005 жылдан бері бизнеспен шұғылданған. 2005 — 2007 — » Қырғызгаз» ААҚ-ның бас директоры болып істеді. 2007 -жылдың ақпан айынан бері өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі болып табылады.
Игорь Чудиновты кандидатурасының Қырғызстан премьер-министрінің қызметіне ұсынылуымен құттықтаған Құрманбек Бакиев : «мен «Ақ Жол» халықтық партиясынан сізге көрсетілген сенімді толық қолдаймын. Сол себепті мен олардың ұсынысын қолдаймын. Сөйтіп, Қырғызстанның қазіргі қолданыстағы Ата заңына сәйкес, тиісті жарлыққа қол қойылады. Сізден үкіметтің жаңа құрамын жасақтауға қатысты ұсынысты ұзаққа созбауды сұраймын, жаңа жылға дейін үкіметті жасақтап үлгеру керек. Жаңа жылда бірден мақсаттарды шешуге кірісу үшін қажет бұл. Ал біздің мақсатымыз біреу ғана — республиканың экономикалық өсімін қамтамасыз ету және Қырғызстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту. «Ақ Жол» халықтық партиясы сізге үлкен сенім арқалатты. Осы сенімді ақтау үшін сіз бар күшін салады деп сенемін. Табыс тілеймін және үкімет тиімді және үйлесіммен жұмыс істейді деген үміттемін», деді.
Өз кезегінде Игорь Чудинов Қырғызстан мемлекет басшысын «Ақ Жол» партиясының саяси бағдарламасын қолдайтынына сендіріп, Қырғызстанның жаңа Конституциясы ел үкіметіне осы мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Нақты жоспар — елді дамыту стратегиясы. Ол қаржы көздерімен қамтамасыз етілген және үкімет оны табысты жүзеге асыруға жұмыстанатын болады», -деді И. Чудинов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті