Қырғызстанда жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді. Тербеліс ошағындағы дүмпу күші 4,4 балға жетті,

  • 19 Қаңтар 2015
  • 293
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды Қырғызстан ТЖМ.
«Дүйсенбі күні таңғы сағат 07.43-те Ош облысының Алай ауданында 4,4 балдық жер сілкінісі болды», — делінген хабарламада.
«Қырғыз республикасы ҰҒА Сейсмология институты берген мәліметке сүйенсек, зілзала ошағы қырғыз-қытай шекарасында орналасқан. Тербеліс ошағы Қырғызстан аумағында Нұра ауылынан 20 шақырым, Үзген қаласынан 100, ал Ош қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан», — делінген ведомство дерегінде.
Нұра және Малтаба ауылдарында 4 балдық, Сүгүт және Қара кіндік ауылдарында 3 балдық дүмпулер сезілді. Адамдар дін-аман. Ғимараттар мен нысандарға залал келген жоқ.