Жарияланды: 490

Қырғызстанда жер сілкінісі болды, Алматыда қуаты 2 балл жер асты дүмпуі сезілді

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда жер сілкінісі болды, Алматыда қуаты 2 балл жер асты дүмпуі сезілді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметінше, 5 қазанда сағат 21.54-те Қырғызстан аумағында энергетикалық классы 14,5 болатын жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 405 шақырымда болды. Таразда қуаты 3-4 балл, Алматы мен Шымкентте 2 балл жер асыты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін