Қырғызстанда жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік күшейтілді
Бішкек. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда 12 тамыздан бастап жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Таштемир Субанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Министр орынбасарының айтуынша, кейінгі кездері жолдағы апаттардың саны көбейе түсті. "Тек соңғы бір тәулікте жол апатынан 8 адам қаза тапты. Жаңа заң республика жолдарындағы заң бұзушылықтар статистикасын біршама азайтуға тиіс", - деп мәлімдеді Т. Субанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін