Жарияланды: 410

Қырғызстандағы АҚШ елшілігі әскери көмек жөніндегі хабарламаға байланысты түсініктеме берді

Бішкек. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы АҚШ елшілігі әскери көмек жөніндегі хабарламаға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстандағы АҚШ елшілігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қырғызстанға 2007 жылы 20 млн долларға жуық сомаға сатуға ресми түрде рұқсат берілген әскери мүлік жөніндегі ақпаратында "Манас әуежайындағы АҚШ әуебазасындағы ішкі құрал-жабдықтар тасымалына байланысты мәліметтер қате енгізілген". "Бұл жабдықтың басым бөлігін АҚШ әскери-әуе күштеріне арналған электрондық жабдықтар, ал қалған бөлігін - оптикалық жабдықтар иемденген", - деп хабарлайды елшілік. 2007 жылы Қырғызстанға коммерциялық қару сатылған жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін