«Қырғызстан — бауырлас ел, бауырлас мемлекет. Сол себепті ондағы дағдарысты шешу үшін күш қолдануға болмайды деп санаймыз»,- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, Қырғызстан аясындағы ішкі проблемалар «конституциялық әдістермен, конституциялық жолмен шешілуі тиіс».
РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков та өз кезегінде «күш қолдану — Қырғызстандағы араздықты еңсерудің шешуші әдісіне айналғанын Ресей де қаламайды»,- деп мәлімдеді. «Мәселені Конституцияға бағына отырып, құқықтық аяда шешу қажет»,- деді М.Фрадков. Оның пікірінше, «бұл тұрғыда Қырғызстанның мемлекеттік құрылымдары ақыл-кеңеске жүгініп, тиісті амалдарды қолдана алады».