Қырғызстаннан азық-түлік өнімдері контрабандасының жолы кесілді
ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының Тараз отрядының шекарашылары Қырғызстаннан азық-түлік өнімдерінің контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. |
«2011 жылдың 1 маусымында «Оңтүстік» аймақтық басқармасының Тараз отрядының «Гродиково» және «Чолдалы» заставаларында Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталды. Олар Қырғызстаннан жүк көліктерімен өткізу бекетін айналып өтіп келе жатқан, көліктерге артылған контрабандалық жүк – азық-түлік өнімдерінің жалпы салмағы 18 тоннадан асады», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.
Сол күні «Гродиково» заставасында Қырғызстаннан Қазақстанға 30 бас ірі қара малды мемлекеттік шекара арқылы айдап өтуге тырысқан қырғызстандық азамат ұсталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін