«Әртүірлі іс-шаралар өткізуге арналған орындар белгілеу туралы мәселе депутаттардың қарауына қала әкімі Данияр Үсеновтың бастамасымен енгізілген болатын»,- деп түсіндіріп өтті баспасөз қызметіндегілер.
Бішкекте наразылық шаралары енді Ескі алаңда парламент ғимаратының жанында, Максим Горький ескерткішінің жаны мен Молодежный саябағында өткізілетін болады. Бірақ республиканың құқық қорғаушылары, парламент депутаттарының бұл шешімі адам құқығын шектеу болып табылатындығы туралы мәлім етті.
Естіріңізге сала кетейік, бұрын наразылық шараларының көбі Бішкекте Ала-Тоо алаңында Үкімет үйінің жанында өтетін. Оппозициялардың үстіміздегі жылдың сәуірінде ұйымдастырған соңғы демонстрациясы құқық қорғау қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану арқылы қуып таратылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті